Маңғыстауда сәби өлімі 21,8 пайызға төмендеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жыл басынан бері 16083 нәресте дүниеге келді. Олардың 156-сы - егіз, 5-еуі - үшем, деп хабарлайды ҚазАқпарат аймақ басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы бойынша денсаулық сақтауды дамытудың  2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қабылданған шаралар биылғы жылы негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік берді.

2017 жылғы он айдағы нәресте өлімінің көрсеткіші тірі туған 1 мың балаға шаққанда 7,8-ді құрады. Былтырғы жылмен салыстырғанда биыл өңірде сәби өлімі  21,8%-ға азайды. Аналар өлімі тірі туған 100 мың сәбиге шаққанда 13,8 болды, жалпы көрсеткіш 11,2 құрады.

null  

 Облыс әкімі Ералы Тоғжанов нәресте мен ана өлімінің алдын алу мақсатында денсаулық сақтау басқармасына жұқпалы аурулар мен олардың себептері туралы жұртшылықты ақпараттандыру үшін медиа-жоспар әзірлеуді тапсырған болатын.

Ана мен бала өлімінің алдын алу үшін бірнеше шара қабылданды:

 1. 2017 жылдың желтоқсан айында 150 төсек-орынға есептелген өңірлік Ана мен бала күтімі орталығының құрылысы жоспарлануда.

2. Облыстық мамандандырылған Балалар үйінің базасында Балалар ауруларын кешенді басқару жөніндегі ресурстық орталық ашылды.

4. Ақтау қаласындағы №1 емханада, Жаңаөзен қалалық №2 емханада «SOS Қашықтан антенаталдық күтім» жобасы іске асырылды.

5. Акушер-гинеколог, неонатолог, реаниматолог және акушерлердің 20 маманынан құралған 7 бригада шетелде ДДҰ-ның технологиясымен біліктіліктерін арттырып қайтты.

null null 

6. 15 акушер-гинеколог «24 сағат және 7 күн» ережесі бойынша жедел акушерлік патологияны диагностикалау үшін ультрадыбыстық дағдылар бойынша дайындықтан өтті.

7. МЖӘ механизмі бойынша ұрықтың туа біткен кемістіктерін дер кезінде диагностикалау үшін 1 миллиард 16 миллион теңге құрайтын 16 бірлік ультрадыбыстық зерттеу техникасын сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының міндетін атқарушы Клара Оралбаеваның айтуынша, аймақта мамандармен қамту мәселесі жолға қойылып келеді. Өткен жылы облыста 358 маман жетіспейтін болса, биылғы жылы өңірге 161 маманның келуінің нәтижесінде кадр тапшылығы 197-ге дейін азайды. Оның ішінде аймаққа еңбек етуге 11 педиатр, 18 акушер-гинеколог, 5 анестезиолог-реаниматолог келді.

null 

Соңғы жаңалықтар