Маңғыстауда пара алған экология департаментінің шенеунігі ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті облыстық экология департаменті экологиялық реттеу бөлімінің бастығы С. Сарқұлованың қылмысының жолын кесті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ұлттық бюро департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасын әзірлеу және зиянды заттар эмиссиясына рұқсат беру үшін заңды тұлғалардан жүйелі түрде пара алып келген.

Параның мөлшері 20 мыңнан 300 мың теңгеге дейін болған. Жалпы сома 500 мың теңгені құрағаны анықталды.

Бұдан тыс, С. Сарқұлова бірқатар ұйымдарды атмосфераға қоқыс шығару көздерін түгендеу жұмыстарын орындау бойынша келісімшарт жасасуға мәжбүрлеп, кәсіпкерлік қызметпен де айналысқан.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар