Маңғыстауда осы аптада оннан астам жол апаты болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында апта басынан бері оннан астам жол апаты орын алды, оның ішінде зардап шеккендер бар, деп хабарлады жол-патрульдік қызметінің өкілдері.

Tumba.kz.сайтының хабарлауынша, апаттардың бірі Ақтаудың 31а, 32 шағын аудандары арасындағы жол қиылысында болды. Облыстың ІІД деректеріне сүйенсек, «Lada Priora» көлігінің 45 жастағы жүргізушісі 20 жастағы тұрғынның басқаруындағы «Lada Granta» көлігіне соқтығысты.

Апат салдарынан «Lada Granta» көлігінің жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетіліп үйіне қайтарылды.

Жүк көлігінің қатысуымен де жол апаты орын алды. Бұдан бұрын Ақтаудың 14 шағын ауданында автокран аударылғаны айтылған. Полиция деректеріне сәйкес жүк көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай қалған, оның атына әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізуші ішімдік ішпеген.

Екі жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты Ақтау-Қаламқас тасжолында орын алды. Мұнда тек автомомбильдер ғана зақымданды.

Жетібай-Қарамандыбас жолында «ВАЗ» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай бағанаға соғылған.

Фото: tumba.kz

Соңғы жаңалықтар