Маңғыстауда мұнай компаниясының жұмысшысына қасқыр шапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының №6 жол айырығында мұнай өндіретін компанияның дәнекерлеушісіне қасқыр шапты. Бұл 2 желтоқсан күні сағат 09:30-дар шамасында болған. Бейнеу аудандық орталық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, зардап шегуші қалың киінгендіктен қатты зардап шекпеген, деп хабарлайды Lada.

Жыртқыш өндіріс базасының аумағына кіріп, 1972 жылғы ер кісіге шабуылдаған. Қасқыр дәнекерлеушінің аяғына жармасқан. Куәгерлердің айтуынша, Үстірттің қойшылары қасқырды атып өлтірген. Жәбірленушіні Бейнеу аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер ер кісінің аса ауыр жарақат алмағанын хабарлады. «Оны қалың киімі аман алып қалды, ешқандай дене мүшесіне тіс өтпеген, тек аяғы көгерген. Зардап шегушіге құтырмаға қарсы көмек көрсетіліп, вакцина салынды. Осыдан кейін ер кісі қайта жұмысқа шықты. Шетпедегі ветеринарлық зертхана өлтірілген бөрінің құтырғандығын анықтау мақсатында зертханалық сынама жүргізеді», - деп хабарлады Бейнеу аудандық орталық ауруханасы.

Куәгерлер өндіріс базасында кейде қарсақтардың жүретінін, бірақ қасқырдың көп жылда бірінші рет келгенін тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар