Маңғыстауда малға шабу оқиғасынан кейін 115 ит атылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Сайн Шапағатов ауылында малға шабу оқиғасынан кейін 115 ит атылды, деп хабарлайды Lada.kz.

Ауыл әкімі Ғабиден Нұржаубайдың айтуынша, иттердің малға шабуына қатысты 33 оқиға тіркелген. Ауылда түнгі кезекшілік қойылып, көшелер мен қоралар күзетіле бастаған.

«Қазір иесіз иттерді аулау жұмыстары жүріп жатыр. Өткен аптада 85, демалыс күндері тағы 30 иттің көзі жойылды. Тұрғындарға ескерту жасадық. Қарғыбаусыз жүрген иттердің барлығы атылып жатыр. Мал шығынының нақты себептері қазір анықталып жатыр, бірақ біз бұл иттердің шабуылы деп санаймыз. Оны көрген адамдар  бар. Қасқыр немесе басқа да жыртқыш аңның ісіне ұқсамайды. Қазір мәселені ауыл ветеринарлары тексеріп жатыр», - дейді Ғабиден Нұржаубай.


Естеріңізге сала кетейік, наурыздың басында Сайн Шапағатов ауылының 20 шақты малына шабуыл жасалған. Өткен демалыс күндері тағы 12 бас мал шығын болды.

Фото: lada.kz

Соңғы жаңалықтар