Маңғыстауда құс фермасы салынады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Мұнайлы ауданы  Батыр ауылдық округінде 15 гектар жерге құс фабрикасын салу жоспарланып отыр. Құны 5,100 млрд теңге тұратын ферма жылына 143 млн дана жұмыртқа өндіруге қауқарлы. «Маңғыстау Құс»  ЖШС басшысы Айдар Алпысов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі таңда маңғыстаулықтар жылына 93 мың жұмыртқа тұтынып отыр. Құс фабрикасы құрамында әрқайсысы 50 мың бас балапаннан 2 корпус және әрқайсысы 70 мың бас ірі тауықтар өсірілетін  8 корпус салынады.  Бұл облысты жұмыртқамен толық қамтамасыз етеді.

Айдар Алпысовтың айтуынша, құс фабрикасын салуда жер алу мәселесі шешілген. Құс жемі үшін шикізат темір жол арқылы тасымалданады. Арпа-бидай Солтүстіктен әкелінсе, жүгері мен шемішке Оңтүстік өңірден келеді.

«Егер құс фабрикасы іске қосылса, 70 мың тауық тәулігіне 60 000 дана жұмыртқа бере алады. Іске қосылған кезде жаңа 50 жұмыс орны ашылады.

Жалпы, облыста 2017-2019 жылдары ауылшаруашылық саласын дамытуға арналған 15 инвестициялық жоба жоспарланған. Ал, биыл құны 8,8 млрд теңге тұратын 6 жоба іске қосылады. Олардың қатарында жылыжай және көкөніс терминалы сынды ірі жобалар бар. Бұл туралы облыс шаруаларының қатысуымен өткен жиында басқарма басшысы Серік Қалдығұлов айтты.

¤«Мәселен биылдан бастап мал азығының 50 пайызы субсидияланады. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын қолжетімді көкөністермен қамтамасыз етіп, 60 құдық қазу жоспарланған. Құдық қазуға жұмсалатын шығынның 80%-ы субсидияланады. Мал басын арттыруда жем- шөп мәселесі де басты орында. Өткен жылы 51,2 мың тонна шөп жиналған. Биыл 75 млн-ға жеткізу көзделіп отыр. 2018 жылы аталған бағытқа 32 400,0 мың теңге қаралып тұр»,-дейді МО ауыл шаруашылық басқармасының басшысы ¤Серік Қалдығұл.

Сондай-ақ, осы жылы 1100 гектар жерге егін егілмек. Оның 840 гектарына тамшылатып суару жүйесі қолданылады. Тағы 5 жылыжайды іске қосу жоспарлануда. 

Соңғы жаңалықтар