Маңғыстауда қойды қынадай қырған 35 ит атылды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Сайын Шапағатов ауылында қаңғыбас иттер малға шабуыл жасауда. Олар небәрі екі-үш күннің ішінде елді мекендегі 4 үйдің 22 бас малын тамақтап кеткен.

Ауыл әкімінің тапсырмасымен иттерді аулауға мамандар кіріскен болатын. Осы уақытқа дейін 35 ит атылыпты. Сайын Шапағатов ауылы әкімдігінің бас маманы Еркебұлан Жәнібектің айтуынша, атылған иттер тексерілген. Бірінші белгілері мен мал дәрігерінің сипаттамасы бойынша олар құтыру ауруына шалдықпаған. Тек аштықтан осылай қорадағы малға шабуылдаған деген болжам бар.

Сайын Шапағатов пен Ақшұқыр ауылында жылына 2 рет 1000-1500 ит атылады. Сондықтан бұл мәселе өзекті. Биыл 2000-ға жуығы атылған. Түпқараған ауданы бойынша жыл сайын 3-4 миллион теңге бөлінеді.  Биыл бұл қаржы көбеймек. Сонда да қаңғыған иттер азаймай тұр.

Қазір тұрғындардың жалпы шығындары есептеліп жатыр. Істің мән-жайы анықталған соң оларға өтемақы қарастырылуы мүмкін. 


Басты фото: фео.рф

Соңғы жаңалықтар