Маңғыстауда фестивальда пісірілген түрлі пішіндегі бауырсақтар мұқтаж отбасыларға таратылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтауда «Достық үйі» ғимаратында «Қайырымдылық керуені» жалпы ұлттық акциясының аясында «Бірге өмір сүру өнері» атты этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының және ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен фестиваль өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фестиваль аясында этномәдени бірлестік мүшелері, орта және шағын кәсіпкерлер мен қала тұрғындары арасында алдын ала дайындалған 25 метрлік дастарханға қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі бауырсақ түрлерінен көрме ұйымдастырылды. 

«Фестивальдің мақсаты - қазақ халқының салт-дәстүрін қайта жаңғырту және насихаттау. Тұрғындардың адамгершілік және мәдени құндылықтарын сақтау, этносаралық және дінаралық қарым-қатынасты нығайту, халықты ынтымаққа, қоғаммен түсіністік пен бірлікте өмір сүруге шақыру. Тұрғындар мен жастарды мұқтаж жандардың күйіне немқұрайлылықпен қарамауға, қайырымдылық жасап, көмек қолын созуға тарту. Аз қамтылған отбасыларға бауырсақтарды таратып, қөңілдеріне нұр сыйлау»,- деді Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина.

Көрмеге этномәдени бірлестік өкілдері, кәсіпкерлер және қала тұрғындары ат салысты. Қатысушылар  өз бауырсақтан әр түрлі әсем пішіндер жасады. Киіз үй, пирамида, кеменің мүсіндерімен қатар, ЭКСПО-ға байланысты пішіндер де жасап, көрменің көркін аша түсті. Сондай-ақ, бауырсақтардың дәмі де бір-біріне ұқсамайтын, өз әдістерімен дайындалған. Сонымен қатар, фестивальда қолөнер көрмесі де болды. Этномәдени бірлестік өкілдері мен қала тұрғындарынан құралған 6 қатысушы қолөнер бұйымдарымен таныстырды. Фестиваль көрмелермен ғана шектелмей, әсем ән мен биге ұласты.

Іс-шара соңында арнайы шақырылған қонақтар үздік қатысушыларға марапаттар мен алғыс хаттар табыстады. Пісірілген бауырсақтар аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға таратылды. Тағы бір қайырымды іс жасалып, акция міндеті орындалды. 

 

Соңғы жаңалықтар