Маңғыстауда Есенғали Раушановтың шығармашылық кеші өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әдебиет әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар қаламгер-ақын алаштың бір туар азаматы Есенғали Раушанов биыл 60 жаста. «Келінтөбе», «Шолпан жұлдыз туғанша», «Ғайша бибі», «Қара бауыр қасқалдақ» атты бірнеше кітаптың авторы әрі көптеген құнды шығармаларымен есімі елге таныс. Ақынның алпыс жылдық мерекесі Маңғыстау жерінде кеңінен аталып өтуде, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

null

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әртүрлі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрында «Біздің елдің жылқысы кіл көкмойнақ» атты шығармашылық кеші өтті. Шараға ақынның үзеңгілес достары, шәкірттері, студенттер және мыңдаған жыр сүйер қауым қатысты. Ақынға жүрек жарды, ақ тілегін айту үшін Төлен Әбдікұлы, Қажығали Мұхамбетқалиұлы, Сарай Әнес Төлендіұлы, Әмин Тұяқов, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева, Сауытбек Абдрахманов сынды қоғам қайраткерлері келді.

null

Мерекелік кеште Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өзінің құттықтау лебізін білдіріп, ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ ол: «Бүгінгі кештің орны айрықша қазақ әдебиеті үшін айтулы күн. Патриоттық жырларыңызбен егемендік алғанға дейінгі жылдардағы тынысын тарылтып, ұлттық намысына батқан қазақ халқының рухын асқақтатып, ұлттың бірлігін күшейту жолында қосқан ерен еңбегіңіздің үлесі мол. Олай болса, еліміздің жеткен жетістіктері мен алған асулары, толағай табыстары сіз секілді халқы үшін туған асыл ұлдарының арқасы. Рухты жырларыңыз ғұмырлы болуын тілеймін», - деді, облыс әкімі.

null

Шығармашылық кеште көрермен назарына «Айша Бибі» театрландырылған қойылымы ұсынылды. Кеш соңында автор көрерменге өз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол, «Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел күткен ең үлкен жаңалық болды. Бұл тұста ақын-жазушыларымыздың басты міндеті мемлекет басышысы атап өткен төл тарихымызды түгендеп, бабалар салтын сақтап қалу. Бәсекеге қабілетті, саналы ұрпақ тәрбиелеу», - деді.

null 

Сонымен қатар, Есенғали Әбдіжаппарұлы қоғам қайраткері ретінде жергілікті жастармен жүздесіп, ағалық ақыл-кеңісімен бөлісті. Кездесу барысында мемлекет басшысы өз мақаласында атап өткен «рухы биік, білімді ұрпақ болу үшін әрбір азамат замана көшінен қалмай, ғылым мен технологияның тілін меңгеру керек» екенін ерекше атап өтті. 

null null 

Соңғы жаңалықтар