Маңғыстауда дезертир іздестірілуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Маңғыстау облысында №25744 әскери бөлімінің екінші батальонында мерзімді әскери қызмет сарбазы қашып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Лада.кз-ға  сілтеме жасап.

23 маусым күні кешке ұйықтар алдында жеке құрамды түгендеу жүргізілген. Әскери қызметшінің жоқтығын анықтаған кезекші дабыл қаққан.

Анықталғандай, 1998 жылы туған жас сарбаз Қарулы Күштер қатарына 2017 жылы Орал қаласынан шақырылған.

Әскери бөлімнен хабарлағандай, дезертир қаруланбаған. Қазіргі уақытта оның іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

№ 25744 әскери бөлімі ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-теңіз күштерінің теңіз жаяу әскеріне тиесілі. Құрық кентіне барар жолда 23 шақырым қашықтықта орналасқан. 

Соңғы жаңалықтар