Маңғыстауда биыл Амал мерекесі қалай тойланады

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда жылдағы дәстүр бойынша амал мерекесі тойланады. Аталған мереке биыл республикалық деңгейде аталып өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Амалды тойлау наурыздың 13-і күні басталады. Мерекелік шара Ақтаудан 100 шақырым жердегі «Отпан тау» мәдени кешенінде өтеді. Мұнда жыршы-термешілердің концерті, ат бәйгесі, балуандар күресі мен түрлі шаралар ұйымдастырылып, ақшаңқаң киіз үйлер құрылады.

25 шақырымдық аламан бәйге мен 9 шақырымдық құнан жарыс және аударыспақ ойыны Шетпедегі атшабарда осы күнге белгіленген.

Күндіз қарашаңырақта Жетісу, Арқа, Сыр,  Батыс, Алтай-Тарбағатай жыр мектептері өкілдері мен  «Мен қазақпын» мега жобасы жүлдегерлерінің қатысуымен  концерттік шара ұйымдастырылады. Ал, кешке қарай дәстүрлі әнші-жыршылар А. Көмековтың, А. Елшібаева, Ә. Сарин, Ш. Сүлейменов, Н. Жанаманов, Ө. Айниязовтың  қатысуымен жыр кеші болады. Сонымен бірге, «Алтыбақан» этнографиялық  ұжымының қойылымы сахналанып, кешкі сағат 8-де «Бірлік» оты жағылады.

14 наурыз күні аудан өнерпаздары  мен  «Отпан» фольклорлық ансамблі және облыстық филармония әртістерінің қатысуымен концерт болады. Осы күні республика қолөнершілерінің және Ақтау қаласындағы Н.Назарбаев  зияткерлік мектебінің көрме-жәрмеңкесі мен көкпар, қазақ күресі, гір көтеру сынды ұлттық спорт жарыстары болады.

 Отпан таудың басында ұйымдастырылатын Амал тойына барамын деушілерге аудан орталықтарынан және Жаңаөзен, Ақтау қалаларынан арнайы көліктер ұйымдастырылады. 

null 

Соңғы жаңалықтар