Маңғыстауда арнайы акция барысында 500-ге жуық жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «Қауіпсіз жол» жедел-сауықтыру шарасының барысында 500-ге жуық жолда жүру ережесін бұзу жағдайлары анықталды. Олардың арасында жылдамдықты асыру, қарсы жолаққа шығып кету сияқты әрекеттер бар. Бұл туралы tumba.kz сайты хабарлайды.

Ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, операция жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ұйымдастырылған және оған ішкі істер органдарының 350 қызметкері жұмылдырылған.

«Бір күн ішінде 500 әкімшілік құқықбұзушылықтар тіркелді. Олардың арасында жалған мемлекеттік тіркеуден өткен нөмірлерді тағып жүру, даңғылдардан өту кезінде ереже бұзу сияқты әрекеттер бар»,-деп хабарлады құзырлы орган өкілдері.

Олар таратқан мәліметтерге қарағанда, жүргізушілер әдеттегідей, қауіпсіздік белдігін тақпай жүруді әдетке айналдырған, мұндай жағдайдың 125 фактісі тіркелді. Көлік жүргізіп келе жатып ұялы телефонмен сөйлесудің 100 фактісі белгілі болды. Қарсы жолаққа шығып кеткен 5 жүргізуші ұсталды.

Соңғы жаңалықтар