Маңғыстауда 147 мектепте алғашқы қоңырау соғылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Маңғыстау облысында 147 білім беретін орта мектепте алғашқы қоңырау үні сыңғырлады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Білім күні барлық Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында «Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбында ашық сабақтар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, бүгін ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді орындау аясында, Ақтау қаласының №5 орта мектебіне ХХ ғасырдағы көрнекті мемлекет қайраткері, лингвист, жазушы Нұртас Оңдасыновтың есімі беріліп, мүсінші, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері - Ескен Аманжолұлы Сіргебаевтың сыйға тартқан мүсіні және ұлы тұлғаға арналған мектеп музейі ашылды.

Салтанатты жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Мәскеу, Астана, Алматы, Шымкент, Түркістан қалаларынан келген қонақтар, соның ішінде ғалым, Н.Оңдасыновты зерттеуші Қанат Еңсепов, Нұртас Оңдасынов туралы үш кітаптың авторы Гүлсім Оразалиева журналист-жазушы, қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, сот жүйесінің ардагері Бекет Тұрғараев, Нұртас Ондасыновтың немерелері мен туыстары, ел ағалары мен аймақ ардагерлері және т.б. қатысты.
null

Нұртас Ондасынов саналы ғұмырында халқына аянбай қызмет етті. ҚазақКСР Үкіметінің төрағасы, Қазақ ССР Жоғары Советі Президиумының төрағасы, Қазақстан Компартиясы Гурьев облыстық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. Саналы ғұмырының 25 жыл өмірін партия қызметіне арнады. Хрущев заманында Қазақстанды бөлшектеу саясатына қарсы тұрды. Салынған тыйымға қарамастан Маңғыстау мұнайын ашқан көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, зейнетке шыққаннан кейін үш томдық арабша-парсыша-қазақша түсіндірме сөздіктер жазған.

« Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында туған жерін түлеткен, Атамекенінің өсіп-өркендеуіне ат салысқан тарихи тұлғалардың тағдарына басты назарды аударды. Оларды білімді ұрпаққа тәлім-тәрбиенің көзі етіп көрсетті. Ақпарат заманында олардың есімдері біздердің рухани қазынамыз болсын деп баса айтты. Ал тау алыстаған сайын биіктей түседі. Нұртас Ондасыновтың жұлдызы уақыт өткен сайын жарқырай бермек. Осы мектептің оқушылары Нұртас Ондасыновтың атына лайықты азамат болады деп сенемін. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жетістіктер мен жаңа бастамаларына сәттілік тілеймін», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі Ақтау қаласының №5 орта мектебіне теледидарды сыйға тартты.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда Маңғыстау облысында 252 мек­тепке дейінгі ұйымда 33 497 ба­ла тәр­биеленуде. Ал жаңа оқу жылын­да жалпы оқушылар саны 128 мыңға жетсе, 16 мың бала мектеп табал­ды­­рығын жаңадан аттады. Бұл өт­кен жылғы көрсеткіштермен са­лыс­т­ыр­ғанда бала саны 300-400-ге көбей­ген­дігін көрсетеді. 
null

Жыл сайынғы бала санының өсуіне байланысты, мектептерге деген сұраныс та көбеюде. Сондықтан биыл 9 мектептің құрылысы басталды.

Өткен оқу жылында мектеп бітірушілердің білім грантын иелену саны былтырғымен салыстырғанда екі есеге артты. Мектепті «Алтын белгіге» бітірген 128 түлектің 93% мемлекеттік грант иегері атанды. Аймаққа қажетті мамандықтарға облыс әкімінің 50 гранты тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар