Маңғыстауда 1 мыңнан астам адам екпеден бас тартқан

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысында жұқпалы аурудың алдын-алу мақсатында осы кеселдің 21 түріне вакцина салу тегін жүргізіледіп. Алайда, жыл басынан бері өңірде 1 067 адам екпеден бас тартқан, деп хабарлайды Қазақпарат.

Жоспарлы иммунизациялауды жүргізудің арқасында соңғы 10 жылда Маңғыстау облысында жұқпалы аурулар - оба, іш сүзегі, дифтерия, сіріспе, полиомиелит сияқты індеттер тіркелмеген.

Ақтау қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Жұмажанованың айтуынша, соңғы уақытта вакцинаға қатысты кертартпа пікірлердің салдарынан ата-аналар екпе салудан бас тартып жатыр.

«Бұл қауесетті растамаймын. Өңірде вакцинаның кері әсері тіркелген жоқ. Сондықтан барлық Маңғыстау тұрғындарын, барлық жастағы адамдарды ұлттық күнтізбе бойынша екпелерді уақтылы алып отыруға шақырамын», - дейді Әлия Жұмажанова.
Айта кетейік, қазір облыста иммундау апталығы өтіп жатыр.

Еске сала кетсек, ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы Инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Айнагүл Қуатбаеваның айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарына дейінгі статистикалық мәліметте вакцинацияға сенбейтіндер саны 12 700 адамға жеткен.

Соңғы жаңалықтар