Маңғыстау полициясы балаларды ұрлау және зорлау туралы қаңқу сөздерге қатысты пікір білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде төрт жасар қыздың зорланғаны туралы аудиожазбамен белсенді бөлісіп жатыр, деп жазады Lada.kz.

Аудиожазбада Маңғыстау облысы, Баянды ауылында зорланған төрт жасар қыздың облыстық балалар ауруханасында қайтыс болғаны баяндалады.

Сонымен бірге, Ақтау қаласында 10 жасар баланың жоғалып кеткені туралы ақпарат та желілерге тез тарады. Полиция қызметкерлері қаңқу сөздерге қатысты пікір білдіріп, қалалықтарды расталмаған ақпарат көздеріне сенбеуге шақырды. Аудиожазбадағы қыз зорланған бала туралы ақпаратты таныс мейірбикеден естігенін айтады.

«Түнгі ауысымнан келген мейірбике Баянды ауылында төрт жасар қыздың зорланғанын айтты. Бүлдіршін жан сақтау бөлімінде көз жұмды», - дейді аудиохабарламадағы қыз.

Маңғыстау ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, шын мәнінде 2012 жылы туған Баянды ауылының тұрғыны  облыстық балалар ауруханасына түскен.

Соңғы жаңалықтар