Маңғыстау өңірі ғарыштан бақыланбақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының жері ғарыштан бақыланбақ.  Жоба өңірлік әкімдік пен "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының келісімімен "Цифрландыру" бағдарламасы аясында іске асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған орай,  облыс әкімі Ералы Тоғжанов ғарышкер, "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясының ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті Айдын Айымбетовті қабылдады. Кездесу барысында тараптар өлке табиғатын ғарыштан қадағалау мәселесін талқылап, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаруға ниет білдірді.

«Барлық бағыт бойынша ғарыштан мониторинг жасауды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, экология, жер мәселесі барлығы да қамтылады. Осыған орай арнайы жұмыс тобы құрылады», - дейді«Қазақстан ғарыш сапары» ҰК АҚ ғарыш жүйелерін құру және пайдалану бойынша вице-президенті Айдын Айымбетов.   

Соңғы жаңалықтар