Маңғыстау облысында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысының Приморский кентінде жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға «Приморский» кентінің «Пляжная» көшесінде болды. Жүк көлігі құм толтырылған шұңқырға түсіп кетті. Оқиға 20 наурыз күні сағат 15-30-да болған. Бұл көшеде жұмысшылардың айтуынша, асфальт төселіп жатқан.

«Шұңқырдың бетіне бетон плита жабылып, құм тасталған. Жүк көлігінің жүргізушісі артқа қарай жүремін деп осы жерге түсіп кетті. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір көлікті шығарып алып, жұмысты жалғастырамыз»,-дейді жұмысшылар.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Олардың айтуынша, көлік жүргізушісінің кінәсі жоқ. Өйткені жол тәртібі бұзылмаған. Соған қарамастан жергілікті тұрғындар жолға байланысты өздерінің наразылықтарын білдірді.

«Шұңқырды біресе толтырып тастайды, бірес ол қайтадан пайда болады. Бүйте берсе бұл жерде қайғылы жағдай болмай қоймайды»,-деп алаңдап отыр тұрғындар.

Соңғы жаңалықтар