Маңғыстау облысында жаңа аурухана салынады

None
None
 АҚТАУ. ҚазАқпарат -  10 жыл бұрын, Мұнайлы ауданы құрылғанға дейін, оның аумағында 2 дәрігерлік амбулатория және 1 стационар болды. Қазір 7 дәрігерлік амбулатория, 3 стационар жұмыс істеп тұр.   Халыққа барлығы 14 медициналық нысан қызмет көрсетеді. Бұрынғы аурухана 40 орындық тораптық темір жол ауруханасы ретінде 1967 жылы салынған. Ол 140 мың халқы бар ауданға қызмет етуі тиіс. Биыл жаңа заманауи аурухана салу жоспарлануда, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгінде ауруханада 52 дәрігер, 107 медбике жұмыс істейді. 150 орындық аурухана құрылысында жобалық-сметалық құжаттаманы 2013 жылы әзірлеген. Оған сәйкес ауруханада 4 блок  (перзентхана, хирургиялық, терапевт,  балалар, инфекциялық бөлімше, қосалқы диагностика) көзделген. Бүгінде құжат түзетілу үстінде.

 «Құжат 2017 жылғы мамырда дайын болады деп күтілуде. Содан кейін оны денсаулық сақтау министрлігіне қарауға жібереміз. Маусым соңында бюджет нақтыланады. Осы айдың аяғында жабдықтың тізбесі келеді», - деді аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев.

 «20 мамырға дейін мемлекеттік сараптама жасап, құжатты түзетуді аяқтау керек. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2017 жылғы республикалық бюджетті нақтылаған кезде осы аурухананы салу жобасын енгізу мәселесін пысықтасын», - деп тапсырма берді ескі аурухананы аралау кезінде әкім Ералы Тоғжанов.

 

Соңғы жаңалықтар