Маңғыстау облысында заңсыз еңбек еткен 19 ҚХР азаматы ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстау прокурорлары мен көші-қон полициясы қызметкерлері Мұнайлы ауданында Қытай Халық Республикасының 19 азаматын ұстады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік азаматтар ел аумағынан шығарылды. Бұл туралы Мұнайлы аудандық прокуратурасына сілтеме жасап Лада.кз хабарлады.

Ұсталғандар Мұнайлы ауданындағы ЖШС бірінде заңсыз еңбек еткен.

«Мұнайлы аудандық соты ҚР ӘҚБК 517-бабы 5-бөлігін (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және (немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауы немесе рұқсат алмастан ҚР еңбек қызметін жүзеге асыруы) қолдану арқылы құқық бұзушыларды ел аумағынан шығару туралы шешім шығарды», - деп пікір білдірді Мұнайлы аудандық прокуратурасының прокуроры Әнуар Қасымов. 

Соңғы жаңалықтар