Маңғыстау облысында заңсыз 50 ойын залының жұмысына тыйым салынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі құрылғалы бері Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында 50-ге жуық ойын залдарының қызметіне тыйым салынды, деп хабарлайды tumba.kz.

Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Н.Қосалиев Экономикалық тергеу басқармасының міндеті Маңғыстау облысындағы заңсыз ойын бизнестерін анықтап, оның жолын кесу болып табылатындығын айтты.

Осылайша, аталмыш қызмет іске қосылғалы осы бағытта 100 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша 500-ден астам ойын құрылғылары мен лотерея терминалдары тәркіленген.
Жедел түскен ақпараттар мен қырағы тұрғындардың әрекеттерінің көмегімен жалған лотерея терминалдары мен өзге де заңсыз қызметтер анықталған.

«Сонымен қатар біз өзге де құқық қорғаушы ұйымдармен бірлесе отырып, Ақтау қаласында 4 заңсыз казиноны анықтап, олар бойынша барлық істерді сотқа жолдадық. Кінәлі азаматтар жауапқа тартылып, барлық ойын құрылғылары тәркіленді»,-деді Маңғыстау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің өкілдері.

Соңғы жаңалықтар