Маңғыстау облысында оқушылар арабтың «Dalal» иіссуынан уланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта мектептің алты оқушысы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

tumba.kz-тің облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап таратқан ақпаратына сүйенсек, оқушылардың өздерін жайсыз сезінуіне «Dalal» иіссуы себеп болған.

Мектеп ұстазының айтуынша, алтыншы сынып оқушысы өзімен бірге арабтың «Dalal» майлы иіссуын алып келіп, оны кабинетке сепкен. Сабақ барысында сынып ішінде парфюмнің өткір иісі сезілген. Мектеп медбикесіне шағымданғаннан кейін, жедел жәрдем шақыртылып, алты оқушы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Медициналық көмек көрсетіліп, үш сағаттық бақылаудан кейін, өздерін жақсы сезінген оқушылар үйлеріне қайтарылды.

Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері эпидемиологиялық тексеру жүргізді. Талапқа сәйкес 18 қазан күні «Dalal» иіссуы токсикологиялық сараптамаға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар