Маңғыстау-Құлсары бағытына жаңа пойыз шықты

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау-Құлсары бағытына жаңа пойыз қатынай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көпшіліктің сұрауы бойынша алғашқы рейспен алты вагон аттанды. Атырау облысындағы Құлсары қаласына дейін баратын алғашқы жолаушыларды теміржол учаскесінің қызметкерлері салтанатпен шығарып салды.

Жаңа бағыттағы пойыз араға күн салып, тақ күндері жүреді.  Діттеген жерге 14 сағатта  жеткізеді. Әзірге вагондар саны алтау болғанымен жазда олардың саны арта түспек.

Алғашқы жолаушыларды шығарып салған учаске басшылары қызыл лента қиды.

«Маңғыстау» учаскесінің басшысы Батырбек Шырынбаевтың айтуынша,  жаңа бағыттың ашылуына жолаушылар сұранысы себеп болған. Әсіресе, өңірден Құлсарыға қатынайтын жұмысшылар көп екен. Сондықтан осы бағдар іске қосылған.

Соңғы жаңалықтар