Маңғыстау аудандық сотының төрағасы жол апатынан қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жол- көлік оқиғасы 19 қазан күні болды. Маңғыстау аудандық сотының төрағасы, 42 жастағы Жасұлан Сәлиев жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды  lada.kz.

Басылым мәліметінше, Жасұлан Сәлиев Suzuki автокөлігін басқарып, Шетпеден Қызан ауылына кетіп бара жатқан. Жүргізуші көлік руліне ие бола алмай жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылған.

Жасұлан Сәлиев оқиға орнында көз жұмды.

Сәлиев Жасұлан Еркінбекұлы 2002-2007 жылдары маман, Бейнеу аудандық сотында сот отырысының хатшысы және Ақтау қаласындағы мамандандырылған әкімшілік сотында қызмет атқарды. 2007-2012 жылдары - Жаңаөзен қалалық сотының судьясы. 2012 жылдың тамыз айынан бастап Маңғыстау аудандық сотының төрағасы қызметін атқарып келді. 

Соңғы жаңалықтар