Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 332.80
EUR 390.57
RUB 5.60
CNY 49.88
Тәуелсіздік шежіресі: 2012 жыл - Мәңгілік Ел идеясы ұсынылды АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 21-ші жылы Қазақстанның саяси өмірінде жаңғыру жаңалықтарымен басталды. 2011 жылдың күзінде Парламент депутаттары Мемлекет басшысының атына Мәжілісті тарату және кезектен тыс сайлау өткізу туралы үндеу жариялаған болатын. Депутаттар Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістерді көрсете отырып, Мәжілісте кем дегенде, екі саяси партия болуы тиістігін алға тартты. Бұл ғана емес, Үндеу аясында 2008-2009 жылдардағы орын алған күрделі әлемдік дағдарысқа да назар аударылды. Елбасы осы мәселелерді екшей келе «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды. Ал Мәжіліс депутаттарын сайлау 2012 жылдың 15 қаңтарына белгіленген еді.
Дария Қожамжарова: Уақытты өз билігіне бағындырған - Қазақ елі АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының дамуының өзіндік моделі бағытындағы шығармашылық ізденісінің ақырғы нәтижесін Елбасының сөздерімен жеткізуге болады: «Біз бір рет таңдап, содан бері одан таймаған өзіміздің қазақстандық даму жолымен келеміз. Әлемдік тәжірибені сараптай және зерттей отырып, біз эволюция жолын таңдадық. Біз демократияның жедел, әсіресе сырттан енгізілуіне қарсымыз. Біз ешкімге де еліктеуге тырыспаймыз, біздің мемлекетімізге, біздің халқымызға керегін жасап жатырмыз. Және бұл қолымыздан келіп жатыр». Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алған бұл байыпты бағыт әлеуметінің басым бөлігі азиялық менталитетке ие, қарышты өзгеріске түсіп келе жатқан Орталық Азиядағы ел ретіндегі қазіргі Қазақстан үшін стратегиялық бағдарға айналды. Бұл туралы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дария Қожамжарова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ары қарай