«Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек - Н.Назарбаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек. Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезі барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

Елбасының айтуынша, жалпыазаматтық құндылықтар жүйесі «Мәңгілік Ел» идеясына негізделуі шарт.

«Бұл идея қазақстандық бірегейлік бағытындағы ең маңызды құжатқа, екінші конституцияға айналуы қажет. Осыны ұғынуға тиіспіз. Осынау идеяны Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында талқылап, баршаға түсінікті «Мәңгілік Ел» құжатын жасауымыз керек. Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде «Мәңгілік Ел» идеясы оқу бағдарламасына енуі керек», - деп атап өтті Президент.

Соңғы жаңалықтар