Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ашық чемпионаты Алматыда өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 9-11 желтоқсанда айының 9-ы мен 11- і аралығында «Алматы Аренада» мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның ашық чемпионатының жалауы желбірейді. Жарыс жолына жасөспірімдер, жастар және ересектер шығады.

Қазақстанның ашық біріншілігінде еліміздің үздік спортшылары  өз өнерлерін ортаға салып, қысқы Универсиада ойындарына дайындықтарын пысықтайды. Солардың қатарында мәнерлеп сырғанаудан ел чемпионатының күміс жүлдегері Айза Имамбек, Қазақстан чемпионы Регина Глазман мен 2016 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында  өткен  жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарында екінші орын алған  Элизабет Тұрсынбаева бар. 

Чемпионатқа қатысушылар келесі санаттар бойынша жарысады: ерлер және әйелдер арасында жекелей сын, спорттық би; жастар және қыздар арасында жекелей сын, спорттық би; жасөспірімдер мен қыздар арасында жекелей сын.

Ел біріншілігін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы  мен «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы дайындау және өткізу» дирекциясы» мемлекеттік қоры ұйымдастыруда.  Жарыс қорытындысы бойынша, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге  медальдар мен дипломдар табысталады.

Соңғы жаңалықтар