Манчестердегі жарылыстан зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар жоқ - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Алдын ала ақпарат бойынша, 22 мамыр күні Ұлыбританияның  Манчестер стадионында болған жарылыстан қайтыс болған және зардап шеккендер қатарында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

«Лондондағы Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен тығыз  байланыста. Қазақстан азаматтарына  сақ болу жөнінде ескертулер таратылған. Елшіліктің консулдық бөлімінің жедел желісі іске қосулы: +44(0)7447470570 (WhatsApp).  Манчестердегі жақындарыңыз, туыстарыңыз немесе достарыңызбен байланысып, олардың есен-сау екендігіне көз жеткізулеріңізді сұраймыз», - деп жазды Жайнақов өзінің Facebook парақшасында.

ҚР СІМ мәлімдегендей, жарылыс болған алаңда қазақстандық алты студент болған.

«Біздің дипломаттарымыз солардың екеуімен байланыс жасап, аман-сау екендігіне көз жеткізді. Оларға ешқандай медициналық көмек қажет емес және достарымен бірге тұратын жерлеріне аман-есен жеткен», - дейді ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы. 

Соңғы жаңалықтар