Манчестердегі стадионда жарылыс болды, зардап шеккендер бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Манчестер қаласында Ариана Гранденің концерті кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды newsru.com .

Куәгерлер Manchester Arena стадионында екі жойқын жарылысты естіген. Сол кезде Ариана Гранде сахнада болған.

Қала полициясы жарылыстың болғанын және зардап шегушілердің бар екендігін растады.

Daily Mail басылымы хабарласқан концертке келушілердің бірі оқыс оқиғаның куәгері болған. Оның айтуынша, Гранде әнін аяқтаған сәтте жарылысты естіген. «Барлығы шулап кетті және сыртқа ұмтылды», - дейді Эви Брюстер.

Ғимаратқа көптеген жедел жәрдем көлігі бет алған.

Ариана Гранденің өкілі әншінің зардап шекпегендігін мәлім етті. Алайда ол стадионда не болғанын айта алмады.

Соңғы жаңалықтар