Манчестерде лаңкестік әрекет бойынша тағы бір күдікті ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құқық қорғау органдары 22 мамырда Манчестерде жасалған лаңкестікті тергеу аясында тағы бір адамды ұстады, деп хабарлады ТАСС.

«Таңертең біз Мосс-сайд ауданынан ер адамды ұстадық. Бұл операцияның дүйсенбіде «Манчестер-Аренасында» жасалған шабуылға қатысы бар», - деп хабарлады Twitter-дегі өз парақшасында Үлкен Манчестер графтығының полициясы.

Қамауға алынған жалпы күдіктілердің саны - 8.

Еске салсақ, 22 мамырда «Манчестер-Арена» стадионында америкалық поп-әнші Ариана Гранденің концертінен кейін бірден жарылыс болды.

Соңғы деректерге сәйкес жанкешті лаңкес жасаған шабуылдан 22 адам қаза тауып, 75-і жарақат алды. Олардың 23-нің жағдайы ауыр.

Соңғы жаңалықтар