Манчестерде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 20-ға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Манчестердегі қалалық жабық стадион алаңында болған жарылыстан жиырма адам қаза тауып, жүздеген адам зардап шекті, деп хабарлайды  ТАСС агенттігі.

Жарылыс билеттер сатылатын дәлізде болған. Қазіргі уақытта оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс жүргізуде.

Айта кетейік, америкалық әнші Ариана Гранденің концерті өткен «Манчестер-Арена» стадионында екі дүркін жарылыс болды.

Стадионға 21 мың адам сияды. Куәгерлердің айтуынша, жарылыс концерт аяқталып, көрермендер алаңнан шығып кеткеннен кейін болған.

 «Ариана Гранде соңғы әнін орындап, сахнадан түсіп кетті. Сол сәтте қатты жарылыстың дауысы шықты. Мыңдаған адамның алаңнан шығуға талпынып, айқайлап жылаған дауысы естілді», - дейді оқиға куәгері Daily Mail басылымына берген сұхбатында. 

Соңғы жаңалықтар