«Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының чемпионы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшынның "Манчестер Юнайтед" командасы финалдық ойында нидерландылық "Аякс" командасын тізе бүктіріп, Еуропа лигасының чемпионы атанды.

Кездесу мамырдың 24-інен 25-іне қараған түні Стокгольмдағы "Френдс Арена" стадионында өтті. Есеп - 2:0.

"МЮ" алғашқы голын ойынның 18-минутында салды. Есепті ашқан - Поль Погба.

Ал екінші таймның алғашқы минуттарында армяндық жартылай қорғаушы Генрих Мхитарян бұрыштама допты голға айналдыра білді.

"Аякс"-"Манчестер Юнайтед" -  0:2

Голдар: Погба 18, Мхитарян 48

Мына ойыншыларға ескерту берілді: Мхитарян (31), Феллайни (52), Велтман (58), Юнес (64), Мата (78), Ридевалд (78).

Соңғы жаңалықтар