«Манчестер Юнайтед» «Челсиден» ұтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия біріншілігінің тоғызыншы турында «Челси» «Манчестер Юнайтед» командасын 4:0 есебімен ұтты.

championat.com-ның хабарлауынша «Манчестер Юнайтед» алғашқы минутта доп кіргізіп алды. Педро голкиперді қапы қалдырып айып сызығынан бос қақпаға гол салған еді.  

Үзілісте есеп 2:0 болды. Өйткені «Челси» капитаны  Гэри Кейхил қақпашы сызығынан доп кіргізген болатын. 

Екінші тайм басталғанда Жозе Моуринью екі ойыншыны ауыстырып, алаңға Хуана Мату мен Маркуса Рохоны шығарды. Алайда бұл өзгеріс ойынға әсер етпеді.
62-ші минутта алыс бұрыштан қақпаға бағытталған доп дәл түсті. Осыдан кейін 8 минуттан соң «Челси» төртінші гол кіргізді. Н'Голо Канте екі қорғаушыны алдап өтіп қақпаға добын дәл бағыттады.

«Манчестер Юнайтед» осы кезеңде үшінші матчта есе жіберіп отыр. Бұған дейін команда «Манчестер Сити» мен «Уотфордтан» ұтылған еді.  

Фото: Reuters

Соңғы жаңалықтар