Маньяк туралы ақпарат жалған - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласында және Қарағанды облысында белгісіз маньяктың балаларды ұрлауға тырысқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті.

«Алматы қаласында және Қарағанды облысында белгісіз маньяктың балаларды ұрлауға тырысқандығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл ескі ақпарат. Оны біз 2014 жылы тексерген болатынбыз. Ақпараттың біздің елімізге ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан алаңдаудың да реті жоқ. Ел аумағында кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты бірнеше ашылмаған қылмыстық әрекеттің тіркелмегендігін ресми мәлімдеймін. Ел заңнамасына сәйкес жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығын тағы да бір мәрте ескерткім келеді. Қазіргі уақытта ақпараттың таралу көзін анықтау бойынша шаралар қабылдануда», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетейік, ватсап арқылы қазіргі уақытта жас шамасы 25-тердегі маньяк туралы ақпарат тарауда. Тіпті, кейінгі уақытта аудио жазба да пайда болып, онда маньяктың Саран қаласындағы жүйке ауруына шалдыққандар ауруханасынан қашып кеткендігі және оның Теміртау қаласында бой көрсеткендігі айтылған еді.

null 

Соңғы жаңалықтар