Мамандар ШҚО-дағы тасқын себебін атады

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар комитеті Шығыс Қазақстан облысында орын алған тасқынның себептерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елді мекендерде арық жүйесінің жоқтығы, бар болған күннің өзінде тозып, істен шығу жаңбыр суының жайылуына себеп болған», - делінген комитет мәліметінде.

Комитеттің баспасөз қызметі елді мекендердің аумағы ретсіз кеңейіп, қосымша құрылыстардың бөгет-арықтар шеңберінен сыртқа түсуі, жаңадан бой көтерген аудандарға арық жүйесінің тартылмауы судың дендеп жайылуына қосымша себеп болғанын айтады.

Облыста жұртты су жайылуы мүмкін аймақтардан қауіпсіз жерге көшіру шаралары дер кезінде қолға алынған. Жаңбыр аралас қар облыс аумағында 3 күн қатарынан тоқтаусыз жауғаны белгілі. Қазір Өскеменде ауа температурасы минусқа түскен. Ал Үржар ауданында температура плюсті көрсетіп, қардың күрт еруіне түрткі болуда.  10 наурыздан бері өңірдің көптеген аудандарда ауа температурасы -5 және +10 градусты көрсеткен болатын. «Қазгидромет» мекемесінің мәліметі бойынша 1-11 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан бойынша 53,2 мм жауын-шашын түскен. Бұл қалыпты мөлшерден 2 есе артық (28 мм).

null 

Тек 10 наурыздың өзінде 11 мм, 11 наурызда 20,7 мм жауын-шашын түсіп, бір айдың мөлшерінен асып кеткен.

«Төтенше жағдайлар комитеті мен облыстық департамент жедел штаб құрып, 1032 адам, 286 техника, 56 жүзу құралы мен 58 моторлы сорғыдан жасақталған апаттық құтқару тобын күреске жұмылдырды. Табиғат жағдайының салдарынан 70 үйді, 150 аула мен 11 саяжай нысанын су алды» делінген Комитет ақпаратында.

null  

Су кірген үйлерден жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 400 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың бір бөлігі Аягөз қаласындағы №6 мектеп-интернатқа орналастырылса, қалғандары туысқандарының үйіне жайғастырылған. Ал Өскеменде «Үлбі» халыққа қызмет көрсету әлеуметтік орталығы  апаттан зардап шеккендерді қабылдауға дайын тұр. Қызметтердің бірлескен әрекеті арқасында су алған орындарға 1440 құмқап төселіп, инертті материалдар көмегімен Өскемендегі 3 үй су басудан аман қалды. 13000 текше метр су сорылған.  Осы және өзге де апаттық құтқару жұмыстарына 536 адам, 137 техника және 27 су сорғыш құрал қарастырылған. Апаттың салдарымен күрес әлі де жалғасуда.

null null  

Соңғы жаңалықтар