Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Мәлік Мырзалин Астана іргесіндегі ауылдар турасында: мәселе шынымен өзекті

Мәлік Мырзалин Астана іргесіндегі ауылдар турасында: мәселе шынымен өзекті
2017 жылғы 15 қараша 14:31 422

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана іргесінде орналасқан Ақмола облысына  қарасты ауылдарда 13 мектеп пен 15 балабақша салынады. Бұл туралы ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында өңір басшысы Мәлік Мырзалин айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мәселелер туралы айтсақ, біріншіден, бұл тек қана облысқа қатысты жұмыс емес. Үкіметпен бірге кешенді бағдарлама бекітілген», - дейді облыс әкімі.

Оның айтуынша, бағдарламаға сәйкес 2014-2020 жылдарға республикалық және облыстық бюджеттен 105 млрд теңге бөлу қарастырылған. «Қазір бәлкім әр ауыл бойынша нақты айту мүмкін емес. Себебі бағдарламаның бірінші кезеңі 20 елдімекенге арналса, екінші кезеңі 34 елдімекенді қамтып отыр», - деді ол.

Өңір басшысы атап өткендей, Астана іргесінде тұратын халықтан шағымдар жиі түсіп тұрады.

«Ол елдімекендерде халық саны жоғары қарқында өсіп келеді. Мәселен, бағдарлама алғаш басталған 2011 жылдан бері кейбір елдімекенде халық саны үш есеге артып кетті. Қосшыдағы халық одан бері - 35 мыңға, Қояндыда - 11 мыңға, Талапкерде 13 мың адамға өсті. Барлық ауылдардағы өсім осыған ұқсас. Кейбір елдімекендерде халық азайды. Сол себепті бағдарламаның кей тұстарына өзгеріс енгізіп жатырмыз. Бірінші кезең инженерлік инфрақұрылымды негізге алса, екінші кезеңде біз мектептер мен балабақшаларды тұрғызу мәселесін көтеріп отырмыз», - дейді ол.

Мәлік Мырзалин бұл мәселе облыс әкімдігінің үнемі назарында екенін жеткізді.

«Өте көп мәселелер шешіліп жатыр. Бірақ, жоғарыда айтқанымдай, халық тез өсіп жатқандықтан, кейбір жұмыстарға үлгере бермейміз. Келесі жылы Астана қаласының шетінде 13 мектеп, 15 балабақша салынады. Жол мәселесі де ұмыт қалмайды. Аймақтық ОКҚ-ның бөлімшесінде осы ауылдарда атқарылатын жұмыстар туралы ақпаратпен бөлісіп отырайық. Өйткені, шынында да, мәселе өте маңызды», - деді аймақ әкімі.

 

 

Басты сөздер: Ақмола облысы, Астана, Аймақ, Әкім,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер