Малиде БҰҰ бейбіт күштерінің тікұшағы құлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Қарулы күштері Малидың солтүстігінде БҰҰ-ның бейбітшілік миссиясының екі қызметкерін алып ұшқан немістің әскери тікұшағы құлағанын растады. Бұл туралы Der Spiegel басылымы жазды.

БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак, халықаралық ұйымның миссиясы апат болған жерге әскери жасақ пен бір топ дәрігерді аттандырғанын мәлім етті. «Малидегі БҰҰ миссиясының екі экипаждан тұратын шабуылшы тікұшағы Гао округінде табанкорттан оңтүстікке қарай құлағанын растаймыз. Миссия сол араға шұғыл әскерилер мен медицина қызметкерлерін аттандырды», - деді Хак.

Оның айтуынша, қазір тікұшақтағылардың тағдыры белгісіз.

БҰҰ өкілінің мәлімдеуінше, тікұшақ Гаодағы қақтығыстарға әуеден бақылау жасаған, бұл сол маңға әскери жасақ жіберместен бұрын олардың қауіпсіздігі үшін қажет болған. 

Соңғы жаңалықтар