Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Малайзияның зейнетақы қоры Қазақстанмен бірлескен жобаларды қарастыруға ниеті білдірді

Малайзияның зейнетақы қоры Қазақстанмен бірлескен жобаларды қарастыруға ниеті білдірді
2017 жылғы 11 қараша 00:50 454

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов «KWAP» малайзиялық зейнетақы қорының Бас атқарушы директоры Дато Ван Камаразуман және «MRCB» компаниясының басқарушы директоры Тан Сри Мохамад Салиммен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында елші Қазақстанның индустриалды-инновациялық жобаларының және инвестициялық климаты жайында баяндады. Тараптар инвестициялық әріптестік мәселелерін және 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасына «KWAP» пен «MRCB» қатысу мүмкіндіктерін талқылады.

Дато Ван Камаразуман мен Тан Сри Мохамад Салим қазақстандық тарапымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беруіне қызығушылық танытты және желтоқсан айында «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, Астана қаласының әкімшілігі, Астана Халықаралық қаржы орталығы мен «KAZAKHINVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ басшылығымен бірлескен әлеуетті жобаларды талқылау үшін Қазақстанға баруға ниетті екендіктерін жеткізді.

Айта кетерлігі, «KWAP» - Малайзиядағы екінші орында тұрған ірі зейнетақы қорының бірі. Оның қаржы активтері шамамен 30 млрд АҚШ доллары шамасында. Зейнетақы жинақтарын басқару аясында қор ел ішінде және шет елдерде белсенді инвестициялық жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда «MRCB» елдегі құрылыс, инфрақұрылымды дамыту және инжиниринг салаларындағы алдыңғы қатарлы компаниялардың тізіміне кіреді.

 

 

Басты сөздер: Зейнетақы жүйесі, ҚР СІМ,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер