Малайзияның 50-ден астам технологиялық компаниялары өзінің өңдеу жобаларын «ЭКСПО-2017» көрмесінде ұсынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Елшісі Данияр Сарекенов Малайзияның Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурстары министрлігінің бас хатшысы және «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі ұлттық секциясының Комиссары Сери Уджангпен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ.


Кездесу барысында қос тараптың өкілдері 2016 жылғы 5-8 қазанда  Куала-Лампурде өткен «IGEM» көрмесіне Қазақстан Республикасының қатысуы «ЭКСПО-2017» көрмесін Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне таныстыруда, баламалы энергетика саласын дамытуда екіжақты әріптестікті дамытуда, жаңа технологиялар трансфертіне, сондай-ақ Астана қаласында өтетін көрмеге малайзиялық және шетелдік туристерді тартуда оңтайлы тұғырнама болғанын атап өтті. Сери Уджанг малайзиялық кәсіпкерлердің  Қазақстанда өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өз мүмкіндіктерін таныстыруда аса үлкен қызығушылық танытып отырғанын айтты.Бүгінгі таңда аталмыш министрлік өкілдері Малайзияның 50 алдыңғы қатарлы технологиялық компанияларын көрмеге қатысуға дайындап жатыр. Олар биомассадан экологиялық таза отын алу, күн панельдерін өндіру технологиясы салалары бойынша, сондай-ақ энергияны аз талап ететін құрылыс, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жою, «жасыл» көлікті дамыту және т.б көптеген салалар бойынша өз жетістіктерімен бөлісетін болады.

 

Кездесу барысында тараптар баламалы энергия көздері саласы бойынша әріптестік орнату жөніндегі Малайзияның Энергетика, «жасыл» технологиялар және су ресурстары министрлігі мен Қазақстанның Энергетика министрлігі арасында Меморандумға қол қою мүмкіндіктерін талқылады.Мемлекеттік - жекеменшік серіктестік негізінде зерттеу орталықтарын құру бағытындағы малайзиялықтардың табысын ескере отырып, бұл құжат ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана қаласында БҰҰ-ның «жасыл технологияларды» және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталығын ашу бастамасын жүзеге асыруда маңызды болып табылады.

Соңғы жаңалықтар