Малайзия институты: Саяси реформа - Қазақстанның демократияға бейімділігінің көрсеткіші

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияның Стратегиялық  және халықаралық зерттеулер институты Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Жолдауына пікір білдірді, деп хабарлайды "Қазақпарат" ХАА.

"Президент Назарбаевтың өзінің  кейбір өкілеттіктерін табыстау және қайта бөлу жөніндегі шешімі қарапайым акт емес, бұл қадамның тарихи мәні бар. Елбасының сөзінде атап көрсетілген жаңарту кезеңдері Президент әкімшілігі офисінің жүгін біршама жеңілдетеді, сонымен бірге оның қызметінің өнімділігін және сыртқы саясат, қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелеріне байланысты проблемаларды шешудің  тиімділігін арттырады" - деп көрсетілген пікір мәтінінде.

Сондай-ақ, Үкіметке әлеуметтік-экономикалық мәселелерді тапсыру үдерісі құрылымы жаңарған мемлекетке қоғамдық сенімді нығайту жолында оң нәтиже беруі тиіс екендігі айтылған. Президент әкімшілігінен атқарушы орган мен Парламентке дейінгі билікті қайта бөлу бағытындағы бұл қадам Қазақстанның демократия қағидаларына адалдығының шынайы көрсеткіші болып табылады. Осы бағытта табысты тәжірибеге қол жеткізсе, мемлекеттік билік органдары тармақтарының арасында өкілеттіктерді бөлу саласын дамытуға қосқан үлесі үшін бүкіл әлем алдында Қазақстанның беделі өседі.

"2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспарды іске асыру кей тұста билікті орталықсыздандыру үдерісін толықтыра түсуі мүмкін. Жоспар Президент әкімшілігі, атқарушы орган мен Парламент арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу үдерісінде туындауы мүмкін барлық проблемаларды мемлекеттің шешуіне және жеңе алуына мүмкіндік беретін саясаттың нақты бағыттарын айқындайды", - деп санайды Малайзияның Стратегиялық және халықаралық зерттеулер институты өкілдері.

Соңғы жаңалықтар