Мальдив елінде су астындағы қонақүй пайда болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қарашада Мальдив Республикасында су астындағы қонақүйді ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды The Evening Standard.

Жеке вилла саналатын нөмір Үнді мұхитында су астында 50 метр тереңдікте орналасатын болады.

Осынау ерекше қонақүй салу туралы алғашқы жобаны Conrad Maldives Rangali Island компаниясы ұсынған.

Жоба құны 15 млн долларға бағаланып отыр. Нөмірдің авторы және конструкторы Ахмед Салемнің атап өтуінше, вилланың корпусы болаттан, бетоннан және акрилден жасалған. Нөмірде жаттығу залы, патио және жеке кабинет болады. Ал екі адамға арналған жатын бөлме су астында орналасады. Мұндай отельдегі бір түндік баға 50 мың долларды құрайды.

Соңғы жаңалықтар