Мал бордақылау алаңдары мен сүт қабылдау пункттерін ашуға болатын аудандар анықталуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мал бордақылау алаңдарын және сүт қабылдау пункттерін кепілдіксіз сатып алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі несиелендірудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін жүйе әзірледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ведомствоның бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАгро» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары арқылы лизингке бере отырып, бастапқы жарна ретінде инвестсубсидиялар қарастырылады және бұл қаржыға кепілдікке сатып алынатын жабдықтар алынады. Отандық компаниялармен нарықта модульді сүт қабылдау пункттері ұсынылған. Олар аз шығынды және арнайы орындар мен қондырғыларды монтаждауға қосымша қаражатты қажет етпейді. Тек энергиямен және сумен қамтамасыз ету желілерінің болуы қажет», - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ, Қ.Айтуғановтың айтуынша, әрбір облыста пилотты аудандарды аңықтау жұмыстары басталды және де осы аудандарда шаралардың талаптарына сай келетін кооперативтер құрылатын болады. Одан кейін, аталған кооперативтердің тәжірибесі басқа өңірлерде таралуға пайдаланылатын болады.

Соңғы жаңалықтар