Максим Арышевтің ата-анасы: Ресейліктер ұлымыздың өлімі үшін кешірім сұрады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Санкт-Петербургтегі терактіде мерт болған 22 жастағы Максим Арышевті ақтық сапарға шығарып салуда, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шара Президент істерін басқару ауруханасының діни рәсімдер залында өтуде. Максиммен қоштасуға оның жақындары, туыстары және таныстары келді.

«Барлық қазақстандықтарға қолдау үшін алғыс білдіреміз. Біздің ұлымыз сол вагонға мінген 14 адамның бірі болып шықты. Ол қаскөйдің жанында тұрған және жарылыстың ең көп бөлігін қабылдаған. Барша Ресей қайғыруда. Кеше біз ұшып кетерде, барлық адамдар «ұлыңызды сақтап қала алмағанымыз үшін кешіріңіздер» деп бізден кешірім сұрады», - деді Максимнің әкесі Виталий Арышев.

Бір күн бұрын Санкт-Петербург тұрғындары Максиммен қоштасу үшін «Сенная площадь» метро стансасында жиналды.

Еске сала кетсек, 3 сәуір күні Санкт-Петербургте «Сенная площадь» және «Технологический институт-2» метро стансаларының аралығында теракт болып, салдарынан 14 адам қаза тапты және 50-ден астам адам жарақат алды. 

2 3 5 6 7 8 

Соңғы жаңалықтар