Макронның партиясы Франциядағы парламент сайлауында жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Франция Президенті Эммануэль Макронның «Алға, республика» қозғалысының кандидаттары Ұлттық жиналыс депутаттарын сайлау нәтижесінде төменгі палатаның 577 орнының 308-іне ие болды және тағы 42 мандатпен MoDem одақтас партиясының («Демократиялық қозғалыс») өкілдері жеңіске жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Осылайша, Макрон қозғалысы Ұлттық жиналыстағы дауыстардың басым бөлігін бақылауға алды.

Елдегі оңшылдар партиясы  - 113 депутаттық мандатқа, Социалистік партия - 18, Жан-Люк Меланшонның «Бағынбайтын Франция» - 17, Франция коммунистік партиясы - 10, Марин Ле Пеннің «Ұлттық фронты» - 8 орынға ие болды.  

Соңғы жаңалықтар