Мақпал Исабекова көмектескен бойжеткен өтінішін білдірді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Белгілі эстрада жұлдызы Мақпал Исабекова әлеуметтік желідегі инстаграм парақшасын сатып, ақшалай көмектескен бойжеткен көлік жүргізушілеріне өтінішін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы бейнероликке түскен  Әсел Қасымханқызы ол жерде қысқаша тағдыры жайлы баяндап, көлік жүргізушілерінен ішімдік ішіп, темір тұлпарды тізгіндемеуді өтінді. Әсел осыдан тура жеті жыл бұрын көліп апатына түсіп, бір аяғынан айырылған болатын. Дипломын алып, Талдықорғанға келе жатқан сәтте болған апат қыздың  тағдырын  өзгертті.

Сондай-ақ бейнероликте тағы екі адам көлік жүргізушілерінен жолда барынша абай болуын сұрайды.

Бұл шараны Алматы облысының полицейлері ұйымдастырды. Мақсаты, көлік апатының барынша алдын алып, адам тағдырына бей-жай қарамауға  шақыру. 

Статистикаға бойынша Алматы облысында 1599 жол-көлік апаты тіркелген. Салдарынан 338 адам көз жұмды. 2144 адам зардап шекті.

Еске салсақ, Мақпал Исабекова талдықорғандық Әсел Қасымханқызы үшін инстаграм парақшасын сатқандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз .

Соңғы жаңалықтар