Макинскі мен Павлодар картоптары деп жүргеніміз шын мәнінде пәкістандікі - «Атамекен» палатасы
«Алайда біз өзіміз ішкі сұраныстан артық картопты өндіріп отырамыз. Сөйтіп, Қазақстан бойынша шамамен 3 миллиард доллардың көкөніс өнімдерін сырттан сатып алып отырамыз. Соның ішінде 2 миллиард теңгенің өнімін өзіміз-ақ шығара аламыз», - деді Әлтаев Астана қаласы кәсіпкерлерінің жыл сайынғы конференциясында.
Оның айтуынша, бүгінде базарда отандық өнім деп сатылатын картоптың басым бөлігі - сырттан келген. Алайда сатушылар оны ашық айтпайды.
«Қыс кезінде біз картопты Пәкістаннан тасимыз. Қазіргі кезде оны «Макинск» пен «Павлодардың» картобы деп жаппай сатып жатыр. Шын мәнінде, оның бәрін сырттан әкеледі», - деп атап көрсетті «Атамекен» басшысының орынбасары.
Айта кетейік, бүгінгі жиын барысында Исекешев азық-түлік дүкендері мен дәріxаналары аз жерлерде ондай бизнесті ашуға ниет танытқан кәсіпкерлерге жеңілдік жасауға дайын екенін жеткізді.
Сондай-ақ Астана әкімі ЭКСПО кезінде тамақ мәселесін қалай шешетінін айтып берді.