Македония Астананың 20 жылдығына тарту ретінде бірқатар шаралар өткізбек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Македония Астананың 20 жылдығын мерекелеуге үлес қосуға ниетті және елорда тұрғындары мен қонақтарына тарту ретінде бірқатар шаралар өткізбек. Бұл туралы Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы хабарлады.

«Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Болат Мажағұлов Македония Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Илья Псалтировпен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара мәдени байланысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады» делінген хабарламада.

Елшінің айтуынша, Македония Астананың 20 жылдығын мерекелеуге үлес қосуға ниетті және елорда тұрғындары мен қонақтарына тарту ретінде бірқатар шаралар өткізбек.

«Біз қазақ халқының бай мәдениеті мен салт-дәстүріне тәнтіміз. Сондай-ақ, жергілікті фольклорлық және театрлық ұжымдарды Македонияға шақырамыз», - деді дипломат. 

Қазіргі кезде мерейтойлық датаны мерекелеуге белсенді дайындық жүріп жатыр.

«Ресми шаралар 10 желтоқсанда бастау алып, жыл бойы жалғасады. Елордалық ұжымдар, атап айтқанда, театрлар, филармония, би ансамбльдері республикамыздағы үздіктердің бірі - олар жыл сайын Астанада жүздеген шара өткізеді және әлемдік сахнада Қазақстанды танытуға дайын», - деді Болат Мажағұлов кездесу барысында.

 

Соңғы жаңалықтар