Махамбет, Нұрғиса, Қаршығаның домбырасы қандай болған – аспап эволюциясы

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында тарихи-өлкетану музейінде қазақтың ұлттық домбырасының тарихынан сыр шертетін көрме ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бұл көрмеге музей қорынан 65 музыкалық аспап қойылған. Олардың жасалуы да, материалы да әртүрлі. Көрмеге келушілер қарағай мен үйеңкіден, жаңғақ ағашы мен еменнен, қандыағаштан жасалған домбыраларды тамашалауда», - деді Атырау тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова.

Сондай-ақ, көрмеге қойылған жәдігерлердің тарихы мен эволюциясы туралы да мәліметтер ұсынылған.

«Домбыраның жер бетіндегі ең ежелгі музыкалық аспаптардың бірі екендігін бірі білсе, бірі білмес. Сексенінші жылдардың басында музыкалық аспаптар мен билеп жатқан адамдар бейнеленген жартастағы суреттер табылды. Бұл әрбір қазақ отбасында ілулі тұрған домбыраға ұқсайды. Археологтар бұл суреттердің неолит кезеңінде, яғни 4000 жыл бұрын салынған сурет екендігін анықтаған еді. Бірақ, кейбір деректерде домбыра 6000 жыл бұрын пайда болған деген мәліметтер де бар», - деді атыраулық этнограф Өтепберген Әлімгереев.
null 

Бұл көрме тек музыкалық аспаптардың тарихына ғана арналмаған. Көрме Каспий маңы тарихы, танымал күйшілер Құрманғазы Сағырбайұлы мен Дина Нұрпейісованың тағдырымен де тығыз байланысты. Сонымен қатар, жұртшылықтың назарына Қаршыға Ахмедьяров, Нұрғиса Тілендиев, Саламат Мұқашев, Махамбет Өтемісұлының күй шерткен домбыралары таныстырылды. 

null null null null 

Соңғы жаңалықтар