«Магнум» салмағы жетіспеген шұжыққа қатысты түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - «Magnum» дүкендер желісінің өкілдері таразыда салмағы жетіспеген шұжыққа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Magnum Cash&Carry» ЖШС жарнама бойынша өкілі  Роза Агафонованың айтуынша, оқиға Алматыда болған.

Аталған оқиғаға қатысты сауда орталығының басшылығы ішкі тексеру жүргізді.

"Бұл өнімді шығарған "Аңсар Халал" ЖШС біздің сауалға берген жауабында әр шұжықтың салмағы 650 грамм («+-10 грамм») болатынын айтты. Сондықтан маркерлеу бастапқы салмағына сəйкес. Шұжық сатылғанша кеуіп кетеді. Алайда табиғи кебу мөлшері 2.25%-дан аспауы керек. Аталған жағдайда өндіріс технологиясындағы ауытқу салдарынан өнім жылдам кеуіп кеткен. Сауда орнында мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Сол себепті де тауар өндірушімен кездесіп, маркерлеудің ішкі стандарттарын өзгерттік",- деді  Роза Агафонова.

Осыған дейін компанияда маркерлеу аптасына 1 рет жүргізіліп келген. Бұдан былай маркерлеу əр екі күн сайын өткізілмек.

Сонымен қатар, клиенттер өнімді өздері өлшеп алатын болады.

"Сатып алушылардан кешірім сұраймыз. «Magnum Cash&Carry» ЖШС өзінің беделіне дақ түскенін қаламайды", - деді Роза Агафонова.

Айта кетейік, «Магнум» супермаркетінен маркерленген (салмағы және бағасы көрсетілген) шұжық сатып алған ер адам, оны таразыға өлшеп көрмек болады. Шұжықтың 150 грамм салмағы жетпейтінін анықтаған ол видео жазып, оны желіге таратқан. 

Соңғы жаңалықтар