Мадрид конференциясы Сирия бойынша Астана процесінің нәтижелерін жоғары бағалады - СІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақылбек Камалдинов Мадрид қаласында Таяу Шығыстағы этникалық және діни зомбылық жөніндегі конференцияға қатысты. Бұл халықаралық кездесу 2015 жылы Парижде өткен конференцияның жалғасы болып табылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Конференция барысында халықаралық гуманитарлық дағдарысқа алып келген сириялық жанжал басты тақырып болды. Бұл ретте  қазақстандық сыртқы саясат ведомствосы басшысының орынбасары өз сөзінде еліміздің халықаралық қауымдастықтың қолданып жатқан шараларын, сондай-ақ диалог пен бітімге келу жолы арқылы қантөгісті жедел тоқтатуды қолдайтынын атап өтті. Қазақстан сонымен қатар, Сирияның саяси болашағын айқындауға бағытталған сириялық билік пен оппозицияның әрекеттерін де қолдайды», - делінген баспасөз баянында.

2 

Өз кезегінде, конференцияға қатысушылар Сирия бойынша Астана процесінің нәтижелерін жоғары бағалап, Қазақстан қабылдап жатқан барлық шараларға өз қолдауларын білдірді.

3 

Таяу Шығыстағы этносаралық және дінаралық жанжалдарды талқылау барысында қазақстандық дипломат еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап бейбіт дамуды таңдағанын айтты. Бұл ретте министр орынбасары қолданыстағы азаматтық қоғамның ерекше институты - жоғары деңгейдегі мәдениаралық сұхбаттың жаңа кезеңіне бастау салған Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы да хабарлады.

4 

Соңғы жаңалықтар