Мадияр Жанұзақ 27 ақпанда IBF белбеуі үшін бақ сынайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой қазақ боксшысы Мадияр Жанұзақ 27 ақпан күні Макаода (Қытай) филлипиндік Джон Марк Алиманға қарсы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Мадияр Жанұзақ бүгін таңертең Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының ресми рұхсатын алды.

Макаода Жанұзақ пен Алиман аса жеңіл салмақтағы (50,8 келі) 10 раундтық  жекпе-жек өткізеді. Бұл қос боксшының «2017 IBF Silk Road Championship Tournament» турниріндегі финалдық кездесуі. Жеңімпаз боксшы IBF B&R Region титулының иегері атанады.

Джон Марк Алиман кәсіпқой рингте 2015 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Одан бері өткізген 5 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетіп, үшеуін уақытынан бұрын аяқтаған.

Мадияр Жанұзақтың есебінде үш жеңіс бар, оның бірі - нокаут.

Естеріңізге сала кетейік, азиялық промоутерлердің бастамасымен дүниеге келген   IBF B&R Region белбеуіне IBF құрылтайшылық етеді. Белбеуге Азия, Еуропа, Африка елдеріндегі 70 мемлекеттің спортшылары таласа алады. 

Соңғы жаңалықтар